Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Светлана Жақыпова жастарға шағын несие беру жұмыстары басталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақыпованың мәлімдеуінше, қазіргі таңда несие беру бойынша 7 116 өтінім қабылданып, олардың ішінде 21,3 млрд теңге көлемінде 4 734 адамға шағын несие берілді. Сондай-ақ ол 418 азаматтың бизнес-жобасы өңірлік комиссиялардың қарауында және 637 азаматтың өтінімі өңірлік Агрокредиттік корпорациясы филиалдарының қарауында екенін атап өтті.
"Бұл бағыттағы жұмыс бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр. Өз кезегінде, Мемлекет басшысының жастарға 2,5 пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру бойынша берген тапсырмасын орындау барысы Алматы қаласынан басқа өңірлерде өз деңгейінде жүргізіліп отыр. Осыған орай, Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалмау қаупі бар", - деді министр.
Олжас Адай
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!