Жастардың лудоманияға қарсылығын қалыптастыру бағытында кездесу өтті

Жастардың лудоманияға қарсылығын қалыптастыру бағытында кездесу өтті
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында кездесу өтті. Шараға аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрдаулет Ажибеков және полиция бөлімінің қызеткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиынында полиция полковнигі Нұрдаулет Камирұлы баяндама жасады. Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары арасынан жарыс сөзге шыққан ауыл биі және ауыл әкімшілігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы өз ойларын жеткізіп, жастарға халықтар арасындағы бірлігі мен ынтымағы жарасқан Бәйдібек ауданы аумағында келеңсіз жағдайларға жол берілмей, тұрғындар арасында ауызбірлігі сақталған жағдайда еліміздің дамитынын айтып өтті.

Сонымен қатар кездесуде бала тәрбиесі, отбасылық, рухани құндылықтар мәселесімен қатар жасөспірімдер арасындағы құмар ойындардың (лудомания), ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың (суицид), құқық бұзушылық пен топтық төбелестің, буллинг, кибербуллингтің, интернетке тәуелділіктің алдын-алу мәселелері қаралды. Оңай жолмен ақша тауып, бәс тігіп, құмар ойынға құныққан жастарға тосқауыл қойып, жақсыға үйретіп, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру жұмыстарын жандандыру керектігі айтылды.

 

Ауданның бас полицейі кездесуге қатысушыларға алғысын айтып, отырыста аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен өмір сапасын жақсарту мақсатындағы, тұрғындар арасында көптеп кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, бірлесіп шешуге шақырды.

Аудан тұрғындарына сұрақтары мен арыз шағымдары болған жағдайда, аудандық полиция бөліміне барып, жазбаша түрде тапсыруға болатындығын және олардың заңды шешім қабылдануын жеке өзінің бақылауына алатынын ескертіп, кездесуді қорытындылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі ұсынған материал

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина