Журналист Азамат Битан қайырымдылық қорларын сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист бұл жайлы facebook-парақшасында жазды. Ол қуаңшылықтан малы қырылған шаруалар үшін шөп орған Құрмет Талапқазы Дулат Тастекей мен Мақсат Толықбай берген үйді сатып жібергенін айтты.
"Құрмет Талапқазы деген азамат Дулат Тастекей мен Мақсат Толықбай берген үйді сатып жіберген. Асхат Аймағамбетов сыйлаған грант та жайына қалған. Ашығы, оқуын оқымай, ел кезіп жүре берген. "Енді не де болса дипломымды аламын. Бірақ саудамен айналысамын", - дейді…
Құрмет кезінде еңбегіне сай елдің сый-құрметіне бөленді. Екінің бірі тегін оқуға жолдама алып, үйлі болып жатқан жоқ. Басқа да игіліктер көрді, мен бұл баланы өте жақсы білемін… Ал енді адам деген осы жерден тоқтауы керек. Тоқтамаса да елдің сенімімен, көрерменнің эмоциясымен ойнамауы керек. Құдайға сенсең құдай, құдірет күшке сенсең сол құдірет күш бір күні аяғыңды аспаннан келтірген кезде әбден кеш болады!
Тақырыпқа тікелей қатысы бар тағы бір дүние - қайырымдылық қорлары туралы. Қазір ел білетін талай жігіт осы жолда жүр. Дұрыс, бала-шағаңды асыра. Жұртым үшін жүгіремін десең де өз шаруаң. Дегенмен, шама келсе елдің етегіне жармаса бермей, өз басыңмен әрекет еткен дұрыс қой. Елден жинадың ба, есебіңді түзе.
Қайырымдылық қоры деген тақырыпты мүлдем ұнатпаймын. Баланың еміне болса, сөз жоқ. Бірақ соңғы кезде халықтан қайыр сұрайтындар көбейіп кетті. Белсенді, блогер, бөлек туған адам деп алданып жатамыз.
Тақырыпқа тікелей қатысы жоқ түйін: Адам алдадым деп ойлайды. Бірақ сол қулығың ертең түбіңе жетеді. Бұл өмірдің қарапайым заңдылығы", - деп жазды ол.
Журналисттің пікірін қолданаған әлеуметтік желі қолданушылары көп. Олар көпшілік қайырымдылық қорларына сенбейтіндерін жазды.
"Базар арқылы жұмысқа бара жатырмын. Күнде автобусқа қорап көтерген екі-үші жас жігіт кіреді. Дауыстары аянышты, "қайырымдылық қорымыз, ауру балаларға" деп күнде қайыр сұрайды. Осыларды тексеріп жатқан адам бар ма? Қиын уақытта қайыр сұрамаған қазақ, Жаңа Қазақстанда қайыр сұрауда. Депутаттар тым болмаса осы тақырыпты көтермей ме?", "Біреуден алып, біреуге беру қайырымдылық болып саналмайды", "Қайырымдылық қоры деп блогерлер өз жағдайларын жасап алып отыр", Көпшілік қайырымдылық қорларына сенбейді. Сол себептен шын мұқтаж адамға көмек берілмей қалады. Алматыда көше, базарларда жәшік арқалаған қаршадай балалар. Түсінбейсің, шыны қайсы, алаяғы қайсы", - деп жазды Желі қолданушылары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!