Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бүгінде жастар 500 мың теңгеден төмен жалақыға жұмыс істегісі келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір жастар оқуын бітіріп, еңбек нарығына келіп жатыр. Олар зауытқа барып жұмыс істегісі келмейді. Бүгінгі таңда оларға 500 мың теңге еңбекақы мен жұмыс кестесі ыңғайлы болуы керек. Жастар осындай талап қойып отыр", - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан соң.
Министр мәселені шешудің екі жолы бар деген ұстанымда.
"Біріншіден, техникалық оқу орнын бітірген азаматтарға жеңілдіктер беру. Яғни оларды әскери борышы өтеуден босату керек. Колледждердің ішінде сержант құрамын дайындайтын әскери кафедра ашу қажет. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі бұл (ұсыныстан) бас таптып отыр. Бірақ біз өнеркәсіпті дамытамыз, оған білікті маманды тартамыз десек осындай жұмыстарды істеуіміз керек. Екіншіден, ауылдағы жұмыссыздық. Қазір ауылда жастар қалған жоқ. Олар қалаға кетіп жатыр.... (Сондықтан ол жақта) ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидия сомасын көбейту керек", - деп сөзін түйіндеді ведомство басшысы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!