- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жасөспірімдерге темекі, алкоголь...
Жасөспірімдерге темекі, алкоголь өнімдерін сатқандар жазаланды
Түркістан облысында полиция түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 140-тан астам жасөспірімді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті полиция қызметкерлері 200-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
"Жұмыс барысында полицейлер балаларды тәрбиелеу жөніндегі талаптарды тиісінше орындамағаны үшін 15 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 8 дерек анықталды. Ал жасөспірімдерге темекі, алкоголь өнімдерін сатқаны үшін сауда орындарының 2 сатушысы жауапқа тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар белгіленген уақыттан кейін ойынханаларда жүрген 14 жайтты анықтады. Заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болған 148 жасөспірім тіркелді.
Ішкі істер органдарына құқықбұзушылық жасауға бейім 13 кәмелетке толмаған бала мен 9 отбасы профилактикалық есепке қойылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова