Жасөспірімдерді онлайн ойындар арқылы қауіпті схемаларға тартуы мүмкін: ІІМ ескерту жасды

Ішкі істер министрлігі интернетте алаяқтар жасөспірімдерді банк картасына байланысты заңсыз схемаларға тартуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әдетте бәрі мессенджерден, онлайн ойыннан немесе әлеуметтік желідегі бір хабарламадан басталады. Бейтаныс адам "жеңіл табыс" ұсынып, картаға түскен ақшаны басқа біреуге жіберуді немесе қолма-қол ақшаға айналдыруды сұрайды.

"Шын мәнінде бұл - ұрланған қаражатты жымқыру схемасы. Алаяқтар ізін жасыру үшін "дроптарды" пайдаланады: ақша бөгде шоттар арқылы өтеді, ал ұйымдастырушылар жасырын қалады. Мұндай операцияларға байқамай қатысу да ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Сондықтан ІІМ мынадай ескерту жасады:

  • банк картасының дерегін және банк қосымшалары туралы мәліметті бөгде адамдарға бермеңіз;
  • ақшаны аудару арқылы "жеңіл табыс табу" туралы ұсыныстарға келіспеңіз;
  • күдік туындаса, міндетті түрде ата-анаңызға немесе өзіңіз сенетін ересек адамға хабарлаңыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз