Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екатерина Михайленко ұзындыққа секіруден 5.74 метр нәтижемен қола жүлдегер атанды.

Маргарита Косинова 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 01:01.36 уақыт көрсеткішпен мәреге екінші болып жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Вероника Елисеева балға лақтыру сайысында үшінші нәтиже көрсеткен еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз