Жаслан Мәдиев бұрынғы лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2015-2016 жылдары Массачусетс технологиялық институтын (MIT), Слоан бизнес мектебін бизнесті басқару магистрі (MBA) дәрежесі бойынша бітірген.
2006-2007 жылдары Колумбия университеті Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін мемлекеттік басқару магистрі (MPA) дәрежесі бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Лондон қаласындағы Morgan Stanley инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері болып бастады.
Әр жылдары Президенті әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қазынашылық департаменті директоры, Kazyna Capital Management АҚ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Ұлттық банк, "Қазақстан темір жолы" АҚ құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2025 жылғы қыркүйектен бастап премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметін атқарады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!