- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ж.Асанов: Қазақстанда кәсіпкерлерді...
Ж.Асанов: Қазақстанда кәсіпкерлерді тексерулер саны екі есе азайды
Қазақстанда прокуратураның араласуы нәтижесінде кәсіпкерлерді тексеру 2 есе төмендеді, деп мәлімдеді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Бас прокуратураның бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі алқа отырысында. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Ж. Асанов а.ж. маусымынан бастап прокурорлық араласу нәтижесінде кәсіпкерлерді тексерулер саны азайғанын мәлімдеді.
«Қылмыстық істер үш есеге қысқарды - 2015 жылдың үшінші тоқсанында 4 687-ден 2016 жылдың сәйкес кезеңінде 1 324-ке дейін. СДБТ тіркеуінсіз хабарламалар бірден уәкілетті органдарға берілген жағдайлар 4 есеге көбейді - 2015 жылдың үшінші тоқсанында 690-нан 2016 жылдың сәйкес кезеңінде 2538-ге дейін», - деді Бас прокурор.
Бұдан өзге, бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру, бизнеске деген талаптарды қысқарту бойынша ұсыныстар дайындалды, олар қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен пысықталуда.
«Бизнеске жұртшылықты тарта отырып, атқарылып жатқан жұмыстар шеңберінде колонияларда 26 кәсіпкер өз істерін бастап кетті, 400-ден аса қамаудағы адам жұмысқа тартылды. Сондай-ақ ауылдық әкімдер үшін бизнес дамытудың толық жоспары әзірленді, ол өңірлерде апробациядан өткізілуде», - деді Ж. Асанов.
Еске салсақ, Бас прокуратураның сайтында арнайы формуляр орналастырылған, ол бизнесті дамыту үшін кедергі келтіретін нормаларды көрсетеді.
Жиын соңында ҚР Бас прокуроры осы іс-шаралардың уақтылы және сапалы іске асырылуын басты назарға алу керек екенін, онда негізгі үйлестірушілер Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болу қажет екенін айтты. Сондай-ақ, ол аумақтық прокуратураларды және мемлекеттік органдарды бизнес қауымдастығымен конструктивті өзара іс-қимыл жасауға шақырды.
T. Кіршібаев