- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жасанды тапшылық". Алматы...
"Жасанды тапшылық". Алматы вокзалының басшысы жұмыстан шеттетілді
ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан темір жолына" жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен. Олар билеттерді заңсыз қайта сату деректері туралы айтқан.
"Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан", - деді баспасөз қызметі.
Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.
"Вокзал бастығы А. Б. (ҚТЖ-дан - еск.) тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалдарында жүргізіледі", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан