- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жасанды сана арқылы...
Жасанды сана арқылы өсіріледі. БАӘ шөл далаға бидай еге бастады
Біріккен Араб Әмірліктерінің шөлдерінде жүздеген гектар жерге бидай өсіру жобасы басталды. Дәнді дақыл жасанды интеллект көмегімен өсіріледі. Тәулігіне 18 миллион тонна тұщы сумен суарылатын егістікте әлемдегі ең жақсы бидайды өсіріледі деп жоспарланған. Бұл туралы khaleejtimes хабарлады.
Біріккен Араб Әмірліктерінің үшінші үлкен әмірлігі саналатын Шарджа қаласының Млейха ауданында ауқымды бидай өсіру жобасы іске қосылды. 2022 жылдың 30 қарашасында 400 гектар жерге алғашқы тұқым себілді. 15 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Әмірлік жыл сайын 1,7 миллион тонна бидай импорттайды. Оның 330 мың тоннасы Шарджаның өзіне жеткізіледі. Әмірлік жаңа жоба арқылы бидайға тәуелділігін азайтпақ.
Ендігі кезекте 2024 жылға қарай егістік алқабын 880 гектарға, 2025 жылға қарай 1400 гектарға дейін кеңейту жоспарланған. Кейінірек 1900 гектар немесе одан да көп жерге бидай егуге болады.
Егістерді суару жасанды интеллект көмегімен жүзеге асады. Ол орталыққа топырақ пен ауа райы туралы ақпаратты береді. Ауыл шаруашылығы дақылдары тәулігіне 18 миллион тонна тазартылған су ішеді. Егінді жақсы өсіретін химиялық заттар, жәндіктерден қорғайтын пестицидтер шашылмайды.
Сонымен қатар, әмірлік өзіне әлемдегі ең жақсы бидайды өсіру міндетін қойды. Арабтар бидайдың құрамындағы белоктарды 18 пайзға асыруды жоспарлаған, ал дүние жүзіндегі ең жақсы бидайдың құрамындағы ақуыз 14 пайыздан аспайды.
Қазір егістік алқаптарға бидайдың 35 сорты егіліп жатыр. Мұның мақсаты - осы сорттардың қайсысы Әмірліктердің климатына қолайлы екенін анықтау және оны өсіруді арттыру.
Айта кетейік, азық-түлік қауіпсіздігі БАӘ үкіметі үшін маңызды мақсаттардың біріне айналды. Әсіресе пандемия және Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін әмірліктегі азық-түлік импортында тапшылық пайда бола бастағанда, жергілікті өнімді көбірек өсіру үшін бірнеше инновациялық жобалар іске қосылды. Мысалы, Дубайда әлемдегі ең үлкен гидропоникалық ферма құрылды. Бұл шаруашылықта егін топырақты пайдаланбай егіншілік әдісімен өсіріледі. Жоба Bustanica деп аталады және 30 000 шаршы метрден астам аумақты қамтиды. Жыл сайын 1 миллион килодан астам жоғары сапалы көк шөп өсіріледі. Ең бастысы, ол кәдімгі ауыл шаруашылығына қарағанда 95 пайызға аз суды қажет етеді.
Т. Раушанұлы