Қазір қыз-келіншектер жасанды кірпік пен тырнақ жалғауды әдетке айналдырған. Ислам шариғаты бойынша тырнақты өсірудің өзі күнә саналады. Ал жалған кірпік пен тырнақ жалғауға қатысты үкім қандай? Бұған Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚМДБ мәліметінше, Сахаба Әнас ибн Малик "Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды 40 күннен асырмау бұйырылды", - деген, ал одан асыру - күнә.
Дегенмен бет-әлпеті отқа күйіп, кірпігі жойылып, көріксіз жағдайға душар болса немесе ауруға шалдығып, кірпіктері түсіп қалса, сондай-ақ тырнақтары түбімен алынып кетсе, осы сынды мәжбүр жағдайда жасанды кірпік және тырнақ жалғауға рұқсат етіледі. Өйткені, шариғат адам ағзасында қандай да бір ақау, науқастық пайда болса, оның емделу жолын қарастыруды міндеттеген.
"Алайда, кірпікті немесе тырнақты жәй сәндік мақсатта жалғаса, ол жайында ғұламалар бірауыздан харам деген үкім берген. Өйткені ол Алланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып саналады.
Хадисте: "Алла Тағала денеге сурет салушыны, сурет салдырушыны, қас теруші және қас тергізушіні, әдемі көріну мақсатында тістерінің арасын ашқандарды және Алланың жаратылысын өзгерткендерді лағынеттеді", - делінген хабарламада.
Сонымен, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми үкіміне сәйкес,
Айта кетейік, бұған дейін дін өкілдері "блефаропластикаға рұқсат етіле ме?" деген сұраққа жауап ретінде мәлімдеме жасаған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тыйым салынған «Қилы заман» повесі қандай журналда, қай тілде жарияланды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!