Жасанды қант алмастырғыштар адам миын тез қартайтады

Жасанды қант алмастырғыштар адам миын тез қартайтады
Фото: depositphotos.com

Жасанды қант алмастырғыштар адам миын тез қартайтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Америкалық ғалымдар аспартам, сахарин сияқты қоспалардың ми жұмысына кері әсерін анықтады. 8 жылға созылған зерттеу барысында мамандар қантты көп тұтынтын және қант диабеті бар 13 мыңдай адамды бақылайды.

Зерттеу нәтижесінде адамдардың есте сақтау қабілеті 62 пайызға төмендегені анықталды. Бұл - 1,5 жылға ерте қартаю деген сөз. Мамандар табиғи балама ретінде бал, үйеңкі шәрбатын қолдануға кеңес береді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget