Инновациялар дамыту департаменті директоры Дархан Мырзабаев бүгінде жасанды интеллекті мамандарды алмастыратындай деңгейге жетпегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жасанды интеллекті кейбір функцияларды алмастырмайды, ол толықтырады. Мысалы, консультанттың қызметін алайық. Мұнда жасанды интеллект тез ақпаратты тауып, оны өңдейді. Мұнда аудармашылар жұмыссыз қалмай ма? деген сұрақ қойылды. Жасанды интеллект оларды толық алмастырмайды.
Оған тек жаңа міндеттер жүктеліп отырады. Мысалы, мәтінді тексеру, оған сапасына баға беру. Сондықтан қазір жасанды интеллект қандай бір мамандықты алмастырады деп айта алмаймын", - деді Дархан Мырзабаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қазақстан суперкомпьютер жасауға кірісті деп мәлімдеме жасаған.
"Деректерді басқару жүйесінің бірыңғай архитектурасын енгізген дұрыс. Біз қуаты күшті суперкомпьютер құруға кірістік. Ол ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар біздің нарықта жұмыс істейтін түрлі компанияларға да қолжетімді болады. Бұл қадам "ауқымды деректерді" кеңінен қолдануға тың серпін беретініне сенімдімін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!