- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жасампаздық із қалдыру....
Жасампаздық із қалдыру. ER-BATYR жобасында Марат Оралғазин
ER-BATYR жобасының жаңа қонағы – танымал шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгімесінде ол өткенді неге идеал санаудың қажет емес екенін, білім беру сыбайлас жемқорлықтан қалай арылуға көмектесетінін және ол үшін шығармашылық із қалдыру неге соншалықты маңызды екенін айтты. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.
Жобаның ұйымдастырушылары – Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер: "Жетінші арна" мен "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы. Жоба ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Қазақстандағы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Марат Оралғазин – танымал актер, шоумен және тележүргізуші. Ол "СКЛ-КазГУград" КВН командасында ойнаған. Ол "Браво" және "Берекелді" сияқты радиобағдарламалардың жүргізушісі болған, телевизияда "Тойбастар", "Намыс дода" және "Әзілстудио" мен "Бәсеке" бағдарламаларының авторы, сонымен қатар "Мәссаған" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. Танымал "Вузеры" және "Патруль" комедиялық сериалардарының, сондай-ақ, "Бөрі" криминалдық драмасының сценарисі идея авторы. Ресейлік жобаларға, соның ішінде "Бірінші арнадағы" "Большая разница" бағдарламасына қатысқан.
Жоба қонағы Қазақстанда нені өзгерткісі келетінін айтты. Оның пікірінше, өткеннің бәрін өткенде қалдырып, болашаққа қарау керек. "Өткен нәрседен идеал жасаудың керегі жоқ. "Біздің хандарымыз өйткен, сөйткен" деп үнемі жалтақтаймыз. Осы уақытқа дейін біз оларды үлгі қыламыз. Біз үшін XX ғасырда Абылай хан мен Қабанбай батыр үлгі. Иә, бұл адамдар мықты кісілер, бірақ неге менің замандастарым маған үлгі бола алмайды? Қабанбайдан бері бізде үлгі боларлық тұлғы шықпады ма? Қазір ортамызда үлгі бола алатын ондай адам жоқ па? Олар бар, оларды дәріптеу керек, бірақ біз, керісінше, артқа қараймыз. Біздің мақсатымыз - өзіміздің соқпақты жасау, бірақ енді біреу жасап қойған ескі жолмен жүріп келеміз. Бізден кейін не қалады?", - дейді ол.
Мараттың пікірінше, қазір елдегі негізгі проблема білім беру жүйесі екен: "Бірінші кезекте біз білім беру жүйесін аяққа тұрғызуымыз керек, сонда бәрі өз орнына келеді. Көп нәрсе білімге байланысты, бәрі дерлік. Сондықтан, идеология жағынан бәрі білім беру жүйесінен басталуы керек. Егер осының бәрі бала кезден бүлдіршіндердің құлағына құйылса, онда көп нәрсе өзгеше болар ма еді. Біздің басты проблемамыз сыбайлас жемқорлық немесе демография деп жатады. Жоқ, біздің басты проблемамыз - білім беру жүйесі. Мектеп кезінен бастап балаларға белгілі бір принциптер мен құндылықтарды теле білсе, ол ешқашан жемқор болмайды, ешқашан заң бұзбайды. Себебі бұл оның тәрбиесінде, ДНҚ-сында болады. Кезекте тұрып, мен өтіп кетейін деуге ұялады. Сондықтан, бәрі осы жерден басталады".
Шоумен, сонымен бірге, ата-анасының үлгісімен балаларына жауапкершілік сезімі мен білімге деген құштарлықты қалай тәрбиелеуге тырысатыны туралы әңгімеледі. "Біздің үйде жақсы атмосфера болатын. Қонақтар көп келетін, достары гитарада ойнайтын, шығармашылықтың дәні сол жерде пайда болған шығар. Әкем маған "біл, оқы" деген жоқ, тек бәрін өз үлгісімен көрсетті. Маған таңдау беретін. Ол маған бірінші кезекте жауапкершілікті үйретететін. Ол: "Мен кетемін, өмір бойы қасыңда болмаймын. Мен саған бағыт бере аламын, бірақ таңдау сенде" дейтін. Сондықтан, мен таңдау жасаймын, ол кей кезде реттеп жібереді. Мен балаларыма осыны үйреткім келеді. Үйде әкем сияқты кітап оқимын, соны көріп, олар да оқиды. Қызым әріп білмесе де, "Па-па-па-па" деп оқып отырады. Бұл да нәтиже, әкесінің не істеп жатқанын көріп, олар қайталайды. Ол қалыпты жағдайға айналады. Сондықтан, ең бастысы жауапкершілік пен білімге құштарлықты үйрету", - дейді ол.
Сондай-ақ, жоба қонағы барлық уақытын жұмыста өткізіп, әйелі мен балаларының сүйіспеншілігінен айырылып қалудан қорықпай ма деген сұраққа жауап берді: "Өкініш бар, соңғы 2-3 жылда мен оларға көбірек уақыт бөліп жүрмін. Бұл дұрыс, өйткені атақ та, жұмыс та, ақша да келіп-кетеді, бірақ сенен кейін қалатын із болуы керек. Сондықтан, қазір көбірек уақыт бөлуге тырысамын. Міндетті түрде бала-шағаңның көз алдында жүруің керек, бұл сізден бір нәрсе үйренуі үшін өте қажет. Кішкене уақыт өткізіп алдым. Жұмыста белгілі бір биікке жету үшін бар ынтаңды салуың керек. Бұл жағынан келіншегім түсінеді және қолайды".
Сонымен қатар, Марат өзіне үнемі динамика қажет екенін мойындады. "Үнемі бір нәрсемен айналысуың керек, ойыңда жаңалық, жаңа идея тұрмаса, өле бастайсың. Мен үшін жұмыс есірткі сияқты. Мен оны жұмыс деп те айта алмаймын, бұл менің сүйікті дүнием. Қолымнан келетін дүние. Адамның мақсаты - жасампаздық із қалдыру, бір дүние жасау, басқа адамдардың ойы мен жүрегіне сәл болса да қозғалыс беретін дүние жасау. Егер сен басқа адамның өміріне әсер етсең, оның өзі жақсы нәтиже. Сондықтан, бұл менің жұмысым деп айта алмаймын, бұл менің сүйікті ісім. Хоббиім де, негізгі жұмысым да, табыс көзім де - осы. Бұл бақыт қой", - дейді ол.
ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейін экс-футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев сынды азаматтар жоба қонағы болған.
Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.
Түсірілім орнын ұсынғаны үшін RTS Decaux компаниясына алғысымызды білдіреміз.
Н. Үсенова