i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында FranklinCovey xалықаралық компаниясының сертификатталған жаттықтырушысы Нұрдана Күлбаева жасампаз жасөспірімдердің негізгі дағдысы туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 16 тамыз сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Жасампаз жасөспірімдердің 7 дағдысы" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Кәсіби коуч Нұрдана Күлбаева жеке және топтық дағдының зерттеушісі.
Жүргізуші - балалар мен ата-аналармен жұмыс бойынша танымал тренер-коуч, инфлюенсер, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасыннан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, педагог Елена Венгерская, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова, Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы Нұрмұxаммед Досыбаев, "Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Жұмағұлова.