- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Jas Otan» Жастар...
«Jas Otan» Жастар қанаты мүшелері Елбасы үндеуін қолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға үндеуіне байланысты «Jas Otan» Жастар қанатының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
«Еліміздің ең қуатты күші – жастар: біріге отырып, елге көмек көрсетуде алдыңғы шепте. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі өз үндеуінде талай қиындықтарда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып өткенімізді айтты. Дәл сол секілді бұл қиындықтарды да бірлесе еңсереміз. Бүгінде Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған мемлекеттік қызметкерлер өз міндеттерін тиянақты орындап, Елбасы айқындаған стратегиялық бағыттар нәтижесінде, пандемияны жеңуде нақты қадамдар жасауда», - дейді «Jas Otan» Жастар қанатының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Бақдаулет Болатұлы.
Ал, белсенді жас Камила Кулбаева жастарды үйде болып, сақтық шараларын ұстанып, барлық талаптарды орындауға шақырады.
«Медицина саласы жыл санап жақсаруда. Біздің ауданның өзінде биыл 12 дәрігерлік нысан пайдалануға берілді. Халықтың қамын ойлаған билік өкілдері нық қадамдар жасап, қазақстандықтар үшін қолайлы жағдай жасауда. 9 сәуір күні Қытайдан дәрігерлер келіп, науқас адардарды емдеу тәжірибесін бөлісіп, көмек қолын созады. Бұл – қауанышты жағдай. Күрделі кезеңде ел арасындағы, мемлекеттер арасындағы татулық пен ауызбіршіліктің маңызы зор. «Досың кім екені қиыншылықта білінеді» деген – осы. Ауырмайық, сақтанайық. Сау болайық», - дейді «Jas Otan» Жастар қанатының кеңес мүшесі Камила Өркенқызы.
Н. Үсенова