- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- қартаю жасару
Жас көрінгісі келетін әйелдерге 8 кеңес
Ешбір адам уақытты тоқтата алмайды. Алайда бұл ерте қартаюдың алдын алудың қажеті жоқ деген сөз емес. Өз жасынан кіші көрінетін әйелдерге ортақ бірнеше әдет бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Суды жеткілікті мөлшерде ішу
Адам ағзасындағы барлық процестер қалыпты жұмыс істеуі үшін су керегін бәрі біледі. Десе де, бұл ережені елемей, оның орнына кофе, газдалған сусындар және басқа да сусындар ішеді. Алайда жас көріну үшін су тепе-теңдігін сақтап, күнде таза су ішу маңызды.
Күннен қорғайтын крем қолдану
Күннен қорғайтын құрал теріні зиянды ультракүлгін сәуленің әсерінен қорғайды және тері жастығын ұзаққа сақтауға көмектеседі. SPF-кремді тек жазда емес, жылдың барлық мерзімінде қолдану керек. Теріңізге келетін және сапалы күннен қорғайтын құрал таңдаңыз.
Ұйқы режимін сақтау
Көпшілік адам өміріндегі ұйқының рөлін бағаламайды. Кей адамдар жұмыс күндері аз ұйықтап, демалыс күндері орнын өтеймін деп ойлайды. Алайда күнде ұйқы режимін сақтау маңызды. Адамның сырт келбеті ұйқының мөлшері мен сапасына байланысты. Ұйқы проблемасы қартаю процесін жылдамдатады және физикалық саулыққа жағымсыз әсер етеді. Ұйқысыздықтан біреулердің салмағы артса, басқалардың есте сақтауы нашарлайды.
depositphotos.com
Белсенді болу
Жаттығу залына барсаңыз жасы үлкен әйелдерді көруіңіз мүмкін. Бұрыннан спортпен айналысып жүрген әйелдердің күтімді көрінетінін және қиналмастан жаттығулар жасап жатқанын байқауыңыз мүмкін. Себебі спорт оларға денесін тонуста ұстауға және түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Егер жаттығу залына баруға уақытыңыз немесе қаражатыңыз жетпесе, далада серуендеуге, таңертең және кешке жаттығу жасауға болады. Алайда шаманы білу керек.
Сапалы өнімдер таңдау
Сұлулықты ұзаққа дейін сақтау үшін дұрыс тамақтану маңызды. Жеткілікті мөлшерде ақуызды өнімдер, пайдалы жармалар және көкөністер жеу керек.
Күйзеліске түспеу
Қандай да бір жағдайға қалай әсер беру керегін адам өзі таңдайды. Бұл проблеманы елемей, бақытты болып көріну керек деген сөз емес. Бастысы, өмірдегі қиын сәттер мәңгі емес екенін, барынша жақсы нәрсені ойлауға тырысу керек. Жақындарыңыздан көмек пен қолдау сұрауға ұялмаңыз және өзіңізге сенімді жоғалтпаңыз.
Теріге күтім жасау
Теріге күтім жасауға уақыт бөліңіз. Теріге сапалы күтім жасау үшін тері күтімі жайлы зерттеу керек. Сол кезде өнімді сыртына қарап емес, құрамын оқып таңдай аласыз.
Жақсы орта табу
Адамның сыртқы келбетіне оның араласатын ортасының еш қатысы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Алайда ортасы нашар немесе үнемі негатив айтатын адамдармен араласатын адамда депрессияға түсіп кету қаупі жоғары. Позитивті және үнемі даму жолындағы адамдармен араласуға тырысыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова