- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жас кезінде қуыршақтай...
"Жас кезінде қуыршақтай еді". Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісовағаға деген сезімін еске алды
Қазақстан халық әртісі, әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында жас кезінде Мақпал Жүнісованы жақсы көргенін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Композитор тіпті Мақпал Жүнісоваға арнап ән шығарған.
"Шын ғашыққа болсам, ұрып-жығамын. Әзіл шығар, қалжың шығар. Мақпал жас кезінде қуыршақтай еді. Мен Мақпалға ән арнап жазғаным рас. Ол кезде Мақпал 21-22 жаста, жас қыз еді. Жас кезінде алақанмен көтеріп кететіндей арық болатын, 50 келіге жетпеуші еді. Бірақ ән үшін жүрегі тасып тұрған кезі. Сол кезде "Мәңгілік махаббат" әнін Әбдірахман Асылбекке жаздырып, Мақпалға ән арнап жазғаным рас. Дегенмен ғашық болды деп жүректі шаша беруге болмайды, елдің бәріне ғашық болсам не қалады? Бірақ, иә жақсы көрдім. Әніне, өнеріне ғашық болдым. Кезінде Мақпал сол әнді тамылжытып орындаған болатын, Алматыдағы үлкен концертімде Мақпалға "Мәке, есіңде ме, осыдан 30 жыл бұрын "Мәңгілік махаббат" әнін мен саған арнағанмын" деп әзілдеймін. Бұрын Зәкеңмен бірге жүрсе, "жеңеше" дейтінмін, енді қазір мені "аға" дейді", - деді композитор.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "Қарғыс тиген". Алтынбек Қоразбаев Мейрамбек Бесбаев бір кездері неге қатты арықтап кеткенін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сөздердің байланысу түрлері нешеге бөлінеді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә