- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жас ғалымдар конгресі...
Жас ғалымдар конгресі Нұр-Сұлтан қаласында өтті
23 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті. Шара Жастар жылы аясында ұйымдастырылды.
Шараға Қазақстанның ЖОО-да қызмет атқаратын жас ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Шараның мақсаты – елдің экономикасын жақсарту, елдің инновациялық даму жолдарын жаңа сатыға көтеру, ЖОО-ның ғылыми қызметінің жаңа әлеуетін көрсету, Елбасы бағдарламаларындағы тұжырымдамаларды инновациялық индустрияландыру арқылы жүзеге асыру.
Жас ғалымдар жиынында қазіргі уақыттағы Қазақстан ғылымындағы кедергілер сөз болып, отандық ғылымның алға қойған мақсаттарына жету жолдары талқыланды. Ғылым саласын жаңғыртып, ғылыми-техникалық зерттеулерді коммерцияландыру, зерттеу институттары мен зертханаларды қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Шараның ЕҰУ-де ұйымдастырылуының да себебі бар. ЕҰУ қазіргі уақытта ғылымға баса назар аударған Қазақстандағы топ басындағы университет. Оқу орнында қазақстандыө танымал ғалымдар жұмыс жасайды және олардың 30 пайызы жас ғалымдар.
А. Қажиев