Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова 170 миллион теңге тұратын үйден айырылып қалған келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты тағы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер Instagram-дағы парақшасында 2013 жылғы Қайрат Нұртастың Қытайдың 17 қаласында берген концертін еске алып, видео жариялады. Ол қайта шақырту алғанын және оған келісім бергенін жазды.
Айдарбекованың сөзінше, Қайрат Нұртас одан соң Өзбекстан, Қырғызстанға бармақ ниетте.
Алайда продюсердің бұл жазбасына оқырмандарының бірі "Өйтіп мақтанудың қажеті не, ұрпақтарыңыз пәтерден пәтерге көшіп жүрсе, қиналып" деп келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың алаяқтарға алданып қалғанын меңзеп, пікір жазған.
Гүлзира Айдарбекова бұл пікірді жауапсыз қалдырмады.
"Үйді сіз алып бермейтін шығарсыз, айналып келгенде жағдай жасайтын біз ғой, бүгін болмаса, ертең болар, алданса, күресіп шыңдалады, жас емес, күресіп көрсін, піссін, нәтиже шығарсын, одан жаман болмайды, түбі қарап қалмаймыз, ұрпақ менікі, сіз былықтырып, от үріп, жайыңызға кететін адамсыз. Сол үшін керексіз жерге мұрын тығып, тіміскіленбеңіз. Өзіңізде бәрі жақсы болсын, елді мүсіркейтін Құдай емессіз. Біреудің отбасына есі кеткен түседі", - деп жазды продюсер.
Еске салайық, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, үйінен айырылып қалғанын айтты.
Алаяқтық жасаған компаниямен соттасқан танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңіліп қалған еді. Өнер иесі сот шешімімен келіспейтінін білдірді.
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтеріне қатысты даулы жағдайға пікір білдірді.
Кейін актриса осы күйзелістерден соң денсаулығы сыр беріп, ауруханада ем алып жатқанын айтты.
Кейінірек Жұлдыз Әбдікәрімова Динара Сәтжанға берген сұхбатында үйін жаңа үйге алмастырғысы келгенін күйеуі Қайрат Нұртас хабардар екенін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес