- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ильхан Ихсанов
Жас әнші Ильхан Ихсанов неге өзінен жиіркеніп кеткені туралы айтты
Қазақстандық жас әнші, көптеген хит әндердің орындаушысы Ильхан Ихсанов күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзінің салмағына көңілі толмайтынын айтып, соло концерт өткізу үшін салмақ тастау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Өнер иесі бұл туралы Revue News бағдарламасында айтып берді.
"Дайындық жақсы. Көп ән жазып жатырмын. Ең бастысы, салмақ тастап жатырмын. Қазір мен үшін ең маңызды нәрсе сол болып тұр. Себебі сахнада әдемі көрінуім керек. Өз-өзімнен жиіркеніп бастағаннан кейін осындай шешім қабылдадым. Ең бірінші кезектегі дайындығым осы деуге болады", - деді ол.
Айта кетейік, Ильхан Ихсановтың батыстан бастау алған соло концерті елдің оңтүстік өңірлерінде жалғасын тапты. Соңғы жеке кеші Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
"Құдай қаласа, оңтүстік астанада көктемде концерт беремін. Күні нақты белгісіз. Өзім де қобалжып, қорқып жүрмін. Бірақ көктемде концерт беруге дайынмын деп ойлаймын", - деді жас әнші.
Еске салайық, Ильхан Ихсанов - 20-ға жуық хит әннің орындаушысы. Әсіресе оның "Неге арман?" әні мен Садраддинмен жазған "Аман болшы сүйгенім" туындылары жастар арасында және әлеуметтік желіде танымал болды.
Әнші бұған дейін сұхбат беріп, "Арман (Сені күнде көру)" әнінің қайырмасы екі минутта шыққанын айтып берген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева