Жас алматылық жұп есірткі дайындап, сақтаумен айналысқан

Жас алматылық жұп есірткі дайындап, сақтаумен айналысқан
Фото: polisia.kz

ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласында есірткі заттарын заңсыз дайындаумен және сақтаумен айналысты деген күдікпен жас отбасылық жұпты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар Telegram арқылы жетекшіден алған нұсқау бойынша әрекет етіп отырған. Күдіктілер прекурсорларды ары қарай синтетикалық есірткі дайындау үшін алып кетіп жүрген. 

Дайын өнімді қаптап, одан әрі сату үшін орамалар жасаған. Үйді тінту кезінде 270-ке жуық доза, сонымен қатар қажетті компоненттер мен құрал-жабдық тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина