Ақтөбе облысында жаттықтырушысымен жарысқа бара жатып жол апатына түскен балалардың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің аппарат басшысы Ержан Байтанаев айтты.
"Достар, дәл қазіргі уақыттағы балалардың жағдайы туралы хабарлауды жөн көрдім. Зардап шеккендердің бесеуі жансақтау бөлімінде. Барлығы тұрақты ауыр жағдайда. Үш баланың халі орташа, олар хирургиялық бөлім палатасында ем алады. Балаларға медициналық көмек тәулік бойы көрсетіліп жатыр, бақылауға алынған. Аурухана барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі. Бүгін олар реанимациялық және хирургиялық бөлімшелерге жіберілді", - дейді Ержан Байтанаев.
Оның айтуынша, іс облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында.
Еске салайық, Ақтөбеде жантүршіктірер оқиға болған еді. Ішінде жаттықтырушы мен балалар болған көлік жол апатына ұшырады.
Полиция мәліметінше, бір бала қайтыс болған. Оқиға 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында болған. Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Estima автокөлігі аударылып кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!