Атырау облысы, Құлсары қаласында жастар арасында жанжал болып, жарылғыш заттар лақтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео авторының айтуынша, Атырау облысы Құлсары қаласында 5-ықшамаудандағы көпірде жанжал болып, төбелесіп, айғайлап, жарылғыш заттар лақтырған.
"1 тамыз күні сағат 03:00 шамасында Құлсары қаласында 2003-2004 жылы туылған бірнеше ер-азаматтың қатысуымен жанжал шығып, оның салдарынан 2004 жылы туылған жігіт түрлі жарақаттар алған. Құқық бұзушылық жасаған барлық ер-азаматтар анықталып, ұсталды. Сондай-ақ 3 күдікті қамауға алынды. Екеуі 2004 және біреуі 2003 жылы туған. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі және 293-бабы "бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - деді Атырау облысының полиция департаменті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз