- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жарылғыш зат қойылған":...
"Жарылғыш зат қойылған": Талдықорғанда полицияға жалған ақпарат берген күдікті ұсталды
Талдықорғандағы облыстық полиция департаменті ғимараттарының біріне мина қойылғаны туралы аноним қоңырау келіп түскен, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланған.
Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылған.
Ғимарат толық тексерілгеннен кейін ақпараттың жалған екені расталды. Көп ұзамай қоңырау шалған күдікті де ұсталды.