Жартысы қалды: жаздың соңғы күндерін қалай қызық өткізуге болады?

Жаз аяқталуына санаулы күндер қалды. Massaget.kz тілшісі жаздың соңғы күндерін қалай қызық өткізуге болатынын ұсынады.

Алматыда демалыс күндері баратын табиғаттағы нысан өте көп. Ақылы қызмет көрсететін турлар арнайы орындардан бөлек, атпен серуен, көпшілікпен бірге тауға шығу секілді ерекше демалыс түрлерін де ұсынады. Мұндай ақылы турлар көп екені белгілі, демалыста осындай белсенді демалысты қаласаңыз, Instagram көмекке келеді. Әр тур бірнеше күн бұрын бағыттарды, уақыты мен ақысын жариялайды.

Ал ешқандай қаржысыз тауда демалуды жөн көрсеңіз, Көкжайлау, Жапон жолы, Алмарасан, Құмбел, Үш ағайынды, Фурманов, Аюсай, Медеу, Шымбұлақ, Мыңжылқы секілді Іле Алатауының шыңдары мен шатқалдарына достарыңызбен бірге шығып, әдемі көріністі тамашалап, уақыт өткізуге болады. Сондай-ақ, табиғатта пикник ұйымдастыруға болады.

elements.envato.com

Одан бөлек те жазды ерекше есте қаларлықтай өткізуге бірнеше тәсіл бар:

  • Теңізге, көлге барып, толқынның дауысынан ләззат алу, суға түсу;
  • Қызық кітапты асықпай оқып, сюжетінен ләззат алып, оқығандарыңыз туралы ойланып, іштей өзгеріп, жаңа ақпарат алу;
  • Бұрын ешқашан болмаған қалаға бару. Қатты алыс болмаса да, өзіңіз үшін бір жаңалық ашуға болады;
  • Ойыңызды бөлу үшін үйге толық тазалық жүргізу, жаңа заттар сатып алу;
  • Бұрын істей алмаған нәрсені үйрену: тоқыма үйрену, аспаптарда ойнап үйрену;
  • Шығармашылықпен айналысу: жазды бейнелейтін сурет салу;
  • Әдемі көріністерді суретке түсіру. Алынған кадрларға күндер бойынша қол қойып, бүкіл жазғы маусымның естелігін жасау;
  • Велосипедпен серуендеу, жолдағы қызық көріністерді тамашалау;
  • Үйден жеміс коктейльдерін дайындап ішу, интернеттегі рецепт бойынша балмұздақ жасау;
  • Кем дегенде бір күнді ұялы телефонсыз, теледидарсыз және компьютерсіз өткізу;
  • Шет тілін үйреніп бастау немесе мектептегі ағылшын тіліндегі біліміңізді жаңарту;
  • Күнделікті таңертеңгі жүгіруге шығу; 
  • Ашық кафеде керемет кешкі ас өткізу. Өйткені мұндай мүмкіндік тек жазда болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!