Желіде украиналық әнші Лободаның қазақ киімін киген қыздармен бірге өнер көрсеткен видеосы тарап жатыр. Онда жартылай жалаңаш киінген қыздар мен қазақ көйлек киген бишілер бір сахнада өнер көрсетіп жатқанын көруге болады. Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері арасында да бұл жайт қызу талқыға түскен. Видеоны әнші Алтынай Жорабаева Instagram-парақшасында жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақтың ұлттық киімін жалаңаштармен қосып шығарғандағы мақсат не? Кім жауап береді?" - деп жазған Алтынай Жорабаева Желіде.
Ал Бағила Балтабаева есімді Желі қолданушысының сөзінше, концертте өнер көрсеткен - қазақ қыздары.
"Бұл - ресейлік әншісымақ Светлана Лободаның Алматы қаласында 19 қарашада өткен коцертінен үзінді. ...Мынандай сорақы әншісымақтардың артында, түсініксіз өлеңге біздің ұлттық киімімізді қор қылып тұрған, Алматыда тойларға шығып жүрген "Райс" (@rise_show_official) би ансамблінің бишілері екен, бишілері - қазақтың қыздары, жетекшісі ер адам екен (ер деуге дәтім бармайды негізі). Өте арсыз іс бұл, біле білген үшін бұл деген ұлттық киіміңді аяқасты ету!" - деп ашынған ол.
Желі қолданушылары да бұл көрініске наразылық білдірген.
"Не деген сорақылық! Жалаңаштанып айтқан әнге, қазақтың ұлттық киімін киіп шығып билегендерге де, соны ұйымдастырғандарға да қатаң шара қолдану керек. Киелі сахнаны, ұлтымызды қорлау сияқты", "Оған әншіні несін кінәлайсыздар, өзіміздің ұйымдастырушылардан сұраңыздар жауабын, ана биші қыздардың апайларынан сұрау керек емес пе?", "Мыналар бізді басынайын депті, біз қазақ бәріне көнгіш", - деп жазған пікір білдірушілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!