Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов аудит нәтижесінде бюджеттің шамамен жарты триллион теңгесі тиімсіз жұмсалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалып жатыр.
"Үкіметтің деректері мен барлық мемлекеттік аудит органдары жүргізген аудит нәтижесіне сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы – 489 млрд теңге. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата құқық қорғау органдарына 23 аудит материалын жіберді. 123 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа, 32 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Есепті кезеңде 28 млрд теңге қалпына келтірілді және өтелді", - деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін 4 облыс бюджет қаржысын тиісті деңгейде игере алмай отырғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!