Жарты миллиард теңге: Олимпиадаға қатысқан қазақстандықтарға қанша сыйақы берілетіні айтылды

Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарындағы нәтижесін 7 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама спортшыларының гонорары туралы TengriSport толығырақ ақпарат ұсынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заң бойынша Қазақстанда Олимпиада ойындарында алтын медаль алғаны үшін 250 мың доллар, күміс үшін 150 мың, қола үшін 75 мың доллар сыйақы төленеді. Сонымен қатар, 4, 5 және 6-орындар үшін 30, 10 және 5 мың доллар береді.

Париждегі Олимпиадада көрсеткен өнері үшін ақшалай сыйлық алатын қазақстандық спортшылардың толық тізімі:

Елдос Сметов (алтын) – 250 мың доллар.
Нариман Құрбанов (күміс) – 150 мың доллар.
Демеу Жадраев (күміс) – 150 мың доллар.
Нұрбек Оралбай (күміс) – 150 мың доллар.
Александра Ле мен Ислам Сәтбаев (қола) – әрқайсысы 75 мың доллар.
Назым Қызайбай (қола) – 75 мың доллар.
Ғұсман Қырғызбаев (қола) – 75 мың доллар.
Милад Карими (5-орын) – 10 мың доллар.
Абиба Әбужақынова (5-орын) – 10 мың доллар.
Әмір Маймұратов (5-орын) – 10 мың доллар.
Айбек Оралбай (5-орын) – 10 мың доллар.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (5-орын) – 10 мың доллар.
Сәкен Бибосынов (5-орын) – 10 мың доллар.
Александра Ле (6-орын) – 5 мың доллар.
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарламов, Ерлік Сертай (6-орын) – әрқайсысы 5 мың доллардан.

Жалпы, 2024 жылғы Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан қатысқан спортшыларға 1 миллион 85 мың доллар, яғни 477 миллион теңге төлейді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы медальдық есепте 43-орынға тұрақтаса, Олимпиада ойындарында АҚШ спортшылары үздік атанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!