Жарты жылда халықтың нақты табысы қалай өсті?

Жарты жылда халықтың нақты табысы қалай өсті?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда халықтың нақты табысы өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің сөзінше, халықтың нақты табысы 0,1 пайызға өскен, ал экономикадағы жалпы жұмыспен қамту деңгейі 9,4 млн адамға жеткен. Оның айтуынша, бұған жылдық инфляция баяулауы ықпал еткен, ол маусымда 10,3 пайызға дейін төмендеді.

"Экономикада жұмыспен қамту деңгейі өсіп, 9,4 млн адамға жетті. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны - 4,5 млн адам", - деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 4,1 пайызға дейін жеделдеген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget