Алты айда Қазақстандағы қылмыс деңгейі 11 пайызға төмендеген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, адам өлтіру, қарақшылық, тонау, қорқытып алу, ұрлық және көшелерде жасалатын қылмыстар азайған.
"Кибернадзор" жүйесі есірткі насихаттау белгілері бар 10 мың материалды, соның ішінде 6 мыңнан аса есірткі дүкенін бұғаттады. Прокуратура және полиция органдарының тиімді өзара іс-қимылы нәтижесінде 464 мыңнан аса дропперлік шот бұғатталып, есірткіден түскен 2,6 млрд теңгеден аса кіріске тыйым салынды", - деді Бас прокурор.
Сонымен қатар, миллионнан аса күдікті қоңырау тоқтатылып, шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленген.
Ал Ұлттық банктің Антифрод орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден аса сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз