Алматыда 2024 жылы қыркүйекте жоғалып кеткен ер адам аман-сау табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1983 жылы туған Қожбанов Жігер Жалғасбекұлы 2024 жылы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен. Ер адам Әуезов ауданы, Жетісу-2 шағынауданы, 50-үйден шығып кеткен.
Бұған дейін еріктілер ер адамның мынадай белгілері барын айтты: бойы-165-170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көздері қоңыр, мойнында тыртығы бар.
Еріктілердің айтуынша, жоғалған адамды 2025 жылғы 3 сәуірде Алматы облысының аумағынан полиция қызметкерлері тапқан. Бұл істің басқа егжей-тегжейі нақтыланбаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова