Жарты айдан бері хабар-ошарсыз кеткен ақтөбелік екі қыз Алматыда жүр екен

13 наурыздан бері хабар-ошарсыз кеткен 19 және 20 жастағы ақтөбелек екі қыз табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ал полицияға олардың жоғалғаны туралы хабарды туыстары 14 наурызда хабарлаған.

Туыстарының айтуынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауына жауап бермеген.

Полиция қызметкерлеріне жоғалған қыздардың Ақтауда жүргені туралы ақпарат түскен, бірақ оларды сол жерден таба алмаған.

Екі аптадан кейін қыздар Алматыдан табылды, олар полиция бөліміне жеткізілді.

Қыздар туыстарын ескертпей, қыдыруға кеткенін айтқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!