- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жарнамадан ақша түссе...
"Жарнамадан ақша түссе балалар, қарттар үйін аралап кетемін". Ырысбала Икрамбай табысы туралы айтты
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай қайырымдылықпен айналысып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Ол су тасқыны болып жатқан кезде өңірлерге гуманитарлық көмек жіберумен қатар, мұқтаж жандарға екі баспана сыйлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ырысбала Икрамбай белшесінен батқан бай емес екенін, алайда келген табысын игі мақсатта жұмсап жатқанына қуанатынын жеткізді.
"Блогер болып жарнамадан ақша түссе балалар, қарттар үйін аралап кетемін. Ақша жинау керек еді деп қоямын. Құдай ақырын берсін. Елдің блогерлері сияқты көлік айдап жүрейін қай жерім кем, бала-шағамызға баспана алайық жас кезімізде, әрқайсының өз үйі болсын деп ол үйге қол жеткенде бауырым үйленсе үйсіз жүре ме, бір үйге бір көлік жетеді деп қоймын. Кушон сатып байып кетемін бе деп едім, елімізді су басқанда қайтіп қарап отырамыз деп 2 КамАЗ-ды толтырып жөнелттік, 2 қиын жағдайдағы отбасыға баспана сыйладық. 2 баланың еміне сіздерге көрсетпей көмек қыламыз. Құрбандыққа 7 қара мал деп едік, оған да жеттік шүкір! Сіздер ойлағандай белшесінен батқан бай емеспін, ақшада көз жоқ, қалай келіп жатыр, солай кетіп жатыр. Менің қуанатыным маған келген Алланың несібесі қайырсыз, берекесіз, қу құлқынға кетіп жатқан жоқ, көпке пайдасы бар дүние-байлық болып жатыр. Шүкір, осы күніме тәубе!" - деп жазды блогер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова