Тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы Желіде оқырманының сынына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушыларының бірі Ләйлә Сұлтанқызының жарнама түсіріп жүргенін айыптаған.
"Бұрын отағасы өмірден өтсе, жұбайы 1 жыл аза тұтып, ешқайда бармай, ешқайда шықпайтын еді. Сіз жарнама түсіріп кеткеніңіз біртүрлі көрінеді екен", - деп жазған Желідегі оқырмандарының бірі.
Ал тележүргізуші жұмыс істеу керегін, ішкі ниетін Құдай ғана білетінін айтты.
"Еңбектену керек. Осы күндері бірнеше жарнаманы түсіріп едік. Арасында түсінбей жатқан жандар да бар екен. Бірақ ешкімге ақталып, өкпелеп, ренжігім келмейді. Менің ойым, жай-күйім, ниетім тек бір Құдайға аян", - деп жауап берген Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетейік, былтыр қарашада кәсіпкер Қайрат Беркінбаев қайтыс болған еді.
Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы бұған дейін күйеуі туралы жантебірентерлік жазба жариялаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!