Минсктің Первомайский ауданының ІІБ-на кибер алаяқтардың құрбаны болған әйел жүгінген. Жәбірленушінің сөзінше, ол жарнамадан шыққан айынға тіркеліп, өзінің банк картасының дерегін көрсеткен, салдарынан алаяқтар шоттағы бар ақшаны шешіп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "БЕЛТА-ға" сілтеме жасап.
Жәбірленуші әлеуметтік желіде банктердің бірінің жарнамалық ойыны туралы хабарландыруды көріп, табысқа оңай жолмен жетуге шешім қабылдаған. Қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп, тіркелген. Минсқ тұрғыны төлқұжат мәліметтерін, карта деректемелерін, содан кейін SMS-ке келген құпия кодты енгізген.
Тіркелгеннен кейін алаяқтар бірден шоттан 200 мыңнан астам теңге (Br1,5) шешіп алған. Әйел артынша картаны бұғаттап, полицияға жүгінген. Тергеушілер компьютерлік ақпаратты өзгерту арқылы мүлікті ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тәуелсіздік жылдары Алматыда қанша әкім болды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!