“Жаркентте әйел баласын батареяға байлап, аяусыз ұрған“: министрлік не дейді?

Жаркентте әйел өз баласын аяусыз ұрып тастаған. Бұл жағдайға Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Балалардың анасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Балалар қауіпсіз жерде. Зардап шеккен балаға медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау ұйымдастырылды. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңнамада белгіленген тәртіппен ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарайды. Жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін жағаұстатар жағдайға Жетісу облысы Полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Тексеріс барысында 28 жастағы әйел кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!