"Жарқамыстың жүз жылқысы". Нұрболат Абдуллин чемпионға жылқы сыйлаған кәсіпкер туралы айтты

Танымал қазақстандық әнші Нұрболат Абдуллин Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке жүз жылқы сыйлаған кәсіпкер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туған жеріне қыдырып барған әнші: "Жарқамыстың жігіттері! Жарқамыстың жүз жылқысы! Елдос Сметовке жүз жылқы сыйлаған Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылының тумасы Ануар Маханов", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салайық, туған жеріне барған Нұрболат Абдуллин желіде ауылы туралы өлең жариялаған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!