Әнші Дидар Кәден әкесі жайлы алғаш рет "Қызықты weekend" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әкесі қайтыс болған кезде оны бірінші көрген.
"Әкем дүние салғанға дейін жақсы қарым-қатынаста болдым. Әкем мен анам бөлек тұрды. Одан кейін әкем отбасын құрды. Жарияға жар салатын нәрсе емес. Әкемнің басқа отбасынан әпкем мен қарындасым бар. Олармен үнемі байланысып, хабарласып тұрамын. Әкем жүрегі қысылып, қайтыс болды. Қайтыс болған сәтте әкемді бірінші көрген мен едім. Анама ауыр соққы болды. Ол кезде 22 жаста едім. Ұзақ уақытқа дейін әкемнің достары, таныстары көмектесті. Қазірге дейін олар қолдап отырады", - деді ол.
Дидар тегіне қатысты да ақпаратпен бөлісті.
"Көпшілігі тегіме қатысты сұрай береді. Құжатта әкемнің есімін тегім етіп алғанмын. Яғни, Ермеков Дидар Ермекұлымын. Сахналық лақап атым Дидар Кәден", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!