Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі ең қауіпті аурулардың бірінің өршуіне байланысты шұғыл жиналыс шақырды. Бұл вирус жұққан жағдайда науқастардың 90 пайызға жуығы қаза табады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) адамға қауіпті дерттің бірі – Марбург вирусы Африкада өршіп тұрған кезде шұғыл жиналыс шақырды. Бұл вирус өте сирек кездеседі, бірақ өте қауіпті. Марбург вирусының өршуі туралы Экваторлық Гвинея билігі хабарлады. Провинциямен шектесетін Камерун мен Габон індетке байланысты шекарадан өтуге шектеу қойды.
"Марбург вирусы – геморрагиялық қызбаны тудыратын өте қауіпті ауру, өлім көрсеткіші 88 пайызға дейін жетеді. Ол Эбола вирусының ауруын тудыратын вируспен бір отбасына жатады. Марбург вирусы тудыратын ауру жоғары температурамен, қатты бас ауруымен жедел басталады. Науқастарда жеті күн ішінде ауыр геморрагиялық белгілер дамиды. Вирус адамдарға жарғанаттар арқылы беріледі және жұқтырған адамдардың денесіндегі сұйықпен, онымен жанасқанда, ол пайдаланған заттарды ұстағанда жұғады", - деп хабарлады ДҰҰ.
Вирусты емдеуге рұқсат етілген вакциналар немесе вирусқа қарсы препараттар жоқ © businesstoday.in
Үлгілер аурудың себебін анықтау үшін Сенегалдағы Пастер институтының анықтамалық зертханасына жіберілді. Осы уақытқа дейін тоғыз өлім тіркелді. Тағы 16 адамда дене қызуының көтерілуі, шаршау, қанды құсу, іш өту сияқты белгілермен ауырып жатыр.
"Марбург өте жұқпалы. Экваторлық Гвинея билігінің ауруды растау бойынша жылдам және шешуші әрекетінің арқасында төтенше жағдайға қарсы әрекет тез арада толық күшіне енеді, осылайша біз өмірді сақтап, вирустың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтата аламыз", - деді ДДҰ-ның Африкадағы аймақтық директоры Матшидисо Моэти.
Шұғыл жиын барысында дүниежүзінің сарапшылары Марбург вирусына қарсы вакциналар мен терапевтік препараттарды әзірлеуді қалай жеделдетуге болатынын талқылады.
Марбург вирусына қарсы вакциналар консорциумының (MARVAC) мүшелері тиімді вакциналар мен терапияны алу үшін бірнеше ай қажет болуы мүмкін екенін айтты, өйткені өндірушілер материалдар жинап, сынақтар өткізуі керек. Олар ұзаққа созылған физикалық байланыс арқылы таралатын вирус үлкен індет тудырмай тұрып, бақылауға алынады деп үміттенеді.
Экваторлық Гвинеядағы індет Ганада вирус туралы хабарлаған соң бірнеше ай өткен соң орын алды – бұл Батыс Африкада анықталған аурудың екінші жағдайы. Марбург вирусының жағдайлары сирек, бірақ өте қауіпті. Африка жарғанаттары вирустың табиғи тасымалдаушысы.
Вирусқа қарсы вакцина немесе емдеу мақұлданған жоқ, дегенмен регидратация және белгілі бір белгілерді жеңілдету үшін дәрі-дәрмек сияқты демеуші күтім адамның өмір сүруін арттыруы мүмкін.