"Жарайсың, батыр бала!" Күрделі жаттығуды қиналмай жасаған бала Желіні тамсандырды

"Жарайсың, батыр бала!" Күрделі жаттығуды қиналмай жасаған бала Желіні тамсандырды
Фото: видео кадры

Әлеуметтік желіде Али Досман есімді 7-сынып оқушысы көпшілікті тамсандырды. Спортпен айналысатын бала видеосын Instagram-парақшасында бөліскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Али Досман Instagram-парақшасын белсенді жүргізеді. Ол спорттағы жетістіктерін, жаттығуларын жиі бөліседі. Сондай-ақ, ол қарапайым жаттығуларды күрделендіріп, сол арқылы оқырман назарын аудартады. 

Мына видео 3 миллионнан аса қаралым, 210 мыңнан аса лүпіл жинаған. Баланың күш-қайратына тамсанып пікір қалдырғандар қатары да көп. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? Али Досман ?? (@ali.dosman)

Видеода Али шеге және мойынтіректі (сақина тәрізді қозғалтқышта болатын бөлшек) қолданып жаттығу орындайды. Көпшілік оның күшіне тамсанып, мұндай жаттығуды ересектердің өзі қинала жасайтынын айтқан. Видеоға пікір қалдырғандар Алиге биік шықдарды бағындырып, спортта жетістікке жете беруді тіледі.

"Мықты, батыр бала!", "Жарайсың!", "Бауырым, Қазақстанның атын әлемге таныта бер", "Нағыз батыр, тек алға", "Батыр, осы жолыңнан қайтпа", - дейді пікір қалдырғандардың көбісі.

 Алидің парақшасында мұндай видеолар қатары көп. Ол әр жолы оқырман сұранысы бойынша түрлі жаттығуларды орындап, көпшілікті таңғалдырып жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? Али Досман ?? (@ali.dosman)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан