Қазақстанда стоматологиялық клиникаларды жоспардан тыс тексеру жалғасып жатыр. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық көмектің стандарттарының сақталуын және қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарының орындалуын бағалап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі МФБК-нің медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Ысқақованың айтуынша, жалпы 441 жоспардан тыс тексеру тіркелген. Соның ішінде:
Тағы 73 тексеру тіркеуден алынды, өйткені клиникалар іс жүзінде жұмыс істемеген. Мұндай жағдайлар ең көп Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген.
Тексеру қорытындысы бойынша клиникаларға жалпы сомасы 58,4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Барлығы 396 әкімшілік жаза қолданылған.
Ең жиі анықталғандары:
Айгүл Ысқақова Жамбыл облысында әкімшілік сот 10 стоматологиялық клиниканың жұмысын уақытша тоқтатқанын айтты:
Медициналық жабдықтар мен препараттар тәркіленді, оның ішінде стоматологиялық қондырғылар, портатив рентген аппараттары, ультракүлгін камералар және дәрі-дәрмектер бар.
Сондай-ақ, МФБК жұмысты тоқтату және қызметкерлерді жұмыстан шеттету арқылы жедел ден қоюдың тоғыз шарасын қолданған:
Елдегі стоматологиялық клиникаларды тексеру жалғасып жатыр. Жалпы тізімге 622 медициналық ұйым енгізілген. Айгүл Ысқақованың нақтылауынша, 2026 жылғы мамырдың аяғына дейін қалған клиникалар тексеріледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің тексеру жүргізуіне елордадағы даулы оқиға түрткі болды: жеке клиникада тістерін наркозбен емдеткеннен кейін үш жасар қыз бала қайтыс болған.
Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 қазанда болды. Әкесінің айтуынша, процедура жоспарланған үш сағаттың орнына 3,5 сағаттан аса уақытқа созылған. Сотта ер адам дәрігер-стоматолог баланың 18 тісін бір мезетте емдеуді ұйғарғанын, процедураны бірнеше кезеңге бөліп жүргізбегенін айтты.
22 желтоқсанда сот айыпталушы анестезиологты Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша ("Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы") кінәлі деп таныды.
Оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 3 жылға медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Алайда сот айыпталушыны Конституцияның 30 жылдығына байланысты амнистия туралы заңға сәйкес негізгі жазадан амнистия негізінде босатты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз