Жапонияның Токио қаласында Қазақстанның туы ілінді

Токио Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Токио көшелерінде Қазақстан мен Жапонияның тулары ілінді.

Сапар аясында Император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!