Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атты, - деп хабарлайды "РИА Новости".
Басылым мәліметінше, оқиға Нара қаласында болған.
Жапондық БАҚ өкілдері құқық қорғау органдары мен биліктегі Либералдық-демократиялық партиядағы дереккөздерге сілтеме жасап, Абэге артынан оқ атылғанын мәлімдеді. Ол кеуде аймағынан жарақат алған. Дәрігерлер оған жүрек массажын жасаған.
Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Экс-премьер ауруханаға жеткізілген, дегенмен ес-түссіз жатыр.
Басқа ақпарат құралдары Абэнің мойнынан қан кетіп жатқанын жазады.