- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жапонияның бұрынғы премьер-министрін...
Жапонияның бұрынғы премьер-министрін атты деген күдіктіге айып тағылды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасады деген бұрынғы әскери қызметкер Тецуя Ямагамиге ресми айып тағылды. Ол прокуратураға тапсырылды. Бұл туралы NHK телеарансы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
41 жастағы күдікті Нара префектурасының полиция бөлімінен жергілікті прокуратураға ауыстырылғаны, оған ресми түрде кісі өлтірді деген айып тағылғаны айтылды.
Бұған дейін Ямагамидің үйінен тағы бірнеше қолдан жасалған атыс қаруы мен жарылғыш зат табылғаны хабарланған болатын.
Еске салайық, Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 8.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды. Кейін Жапонияның бұрынғы премьер-министрі ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі 12 шілдеде өтеді.
Д. Шәріпхан