Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды - БАҚ

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды - БАҚ
Фото: РИА Новости

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ шабуылдан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости

NHK телеарнасының мәліметінше, саясаткер Нарадағы медициналық университеттің ауруханасында көз жұмды. Ол 67 жаста еді. 

Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған

Кейін экс-премьерді атқан адам ұсталғаны хабарланды. Күдікті 41 жастағы Тэцуя Ямагами Жапонияның теңіздегі әскери күштерінде қызмет еткен.

Е. Төлеш