- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жапониялық саяхатшылар Маңғыстауға...
Жапониялық саяхатшылар Маңғыстауға тәнті болды
Жапонияның Осака қаласынан келген ерлі-зайыпты Маңғыстауға тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Үш күн ішінде туристер аймақтың барлық көрікті жерін көрген.
Әсіресе, туристерді Тұзбайыр тұзды батпағы мен Бозжыра шатқалы таңғалдырыпты.
Сапар барысында шетелдіктерге көмектескен аудармашы Әмірлан Балтабаевтың айтуынша, Осакадан келген ерлі-зайыптымен достасып кеткен. Шетелдіктер ешқашан қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татпаған, сондықтан жергілікті аудармашы оларды үйіне қонаққа шақырған.
"Оларға қатты ұнады, жапондарға біздің жеріміз қатты әсер етті. Адамдардан ешқашан мұндай ризашылық алған емеспін. Олар мені Жапонияға қонаққа шақырды. Реті келсе, Осакаға барамын", - деді аудармашы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова