Жапониядан ең бай қазына табылды

Жапониядан ең бай қазына табылды
Фото: tengrinews.kz

Жапониядан XV-XVI ғасырдың ең бай қазынасы табылды, - деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тиындардан тұратын қазына Хасуда қаласындағы префектурадағы (қалалық әкімшілік) қазба жұмыстары кезінде табылған. Қазынаның биіктігі 70 сантиметр екен, онда 260 мың бақыр тиын болған. Сондай-ақ, тиындардың арасында тесіктер бары болғаны айтылады. Қазіргі уақытта қазына Кумагая қаласындағы мәдени құндылықтарды сақтау қоймасына қойылды. Археологтардың айтуынша, қазына шамамен XV ғасырдан кейін көмілген.

 дереккөз:tengrinews.kz

Т. Раушанұлы