Жапонияның Амами-Осима аралында 1901 жылдан бері бірінші рет қар жауды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Кагосима әкімшілігі префектурасына кіретін аралда қар 1901 жылдың 12 ақпанында жауған болатын. Осы демалыс күндері Жапонияның оңтүстік-батыс бөлігіне суық ауа келіп, қар түсті. Қар жаумайтын оңтүстік Кюсю аралындағы Нагасаки қаласына биіктігі 16 сантиметр болатын қар түскен, бұл осы қала үшін рекорд көрсеткіші, ал Кагосимада 10 сантиметрлік қар жауды.
Жапонияның оңтүстігіндегі префектурасы Окинавада рекордтық аяз тіркелген - Цельсий шкаласы бойынша 4,6 градус. Фукуока қаласында болса 11 көлік соғысып, адамдар зардап шеккен.
Синоптиктер қардың дүйсенбіге дейін жауатынын болжап отыр. Жапонияның оңтүстік-батысында бір тәулік ішінде 30-дан 100 сантиметрге дейін қар түседі делінеді.
Дереккөз: kaztengrinews.kz